Logo
Іздеу
Айдарлар

Сүйінші! Көптен күттік! Ринат Зайыт бар қазақты қуантатын жаңалығын айтты (ВИДЕО)

/
Сүйінші! Көптен күттік! Ринат Зайыт бар қазақты қуантатын жаңалығын айтты (ВИДЕО)
ашық дереккөзден

Мәжіліс депутаты Ринат Зайыт әлеуметтік желідегі парақшасында көптен күткен қуанышты жаңалығын бөлісті, деп хабарлайды Arasha.kz.

Өнер мен мәдениетті жоғары бағалайтын депутат елдің талантты тұлғаларының еңбегі еленіп жатқанын айтып, қуанышын жасыра алмады:

“Өнер – бағалауды қажет ететін нәзік құбылыс. Кейінгі жылдары біршама өнер майталмандары көптен күткен марапаттарына қол жеткізіп жатқаны шындық ( кейбір түсініксіздіктерді есепке алмасақ). Қазақтың Қайраты (Байбосынов) бастаған саңлақтардың марапаты, Меруерт апам (Өтекшова), Секен аға, Дулыға мен Рамазан ағаларым, Айгүл Қосанованың өз алған атақтарына лайық деудің өзі аз секілді... Шүкір. Қазақ қоғамы шынайы дарындарға тиісті бағасын беріп жатыр", – деп жазды ол.

Сонымен қатар Ринат Зайыт әріптесі әрі досы, театр сахнасының майталманы Әсет Иманғалидың Республика күні қарсаңында "Мәдениет қайраткері" атағын алғанын ерекше атап өтті.

"Ерекше атап айтқым келетіні актёр-ұстаз, сахна серкесі, досым Әсет Иманғали Республика күні қарсаңында "Мәдениет қайраткері" атағына ие болды. Әсет – театрдың төл перзенті. 20 жыл театрда, соған шамалас уақыт өнер академиясында талмай тер төгіп жүрген аса дарынды тұлға. Әсет досым, еңбегің лайықты бағасын алған күнің құтты болсын! Жасай бер", – деді депутат.

Сондай-ақ ол мәдениет пен өнер саласына үлес қосып жүрген барша азаматтарға алғыс білдіріп, әділ бағалау дәстүрі жалғаса берсін деген тілегін айтты.

"Мәдениет қайраткерлерін беттен қақпай бағалап жатқан барлық азаматтарға бас иіп, алғыс айтамын. Әділдіктің үстемдігі өнерден басталса, сапарымыз ұзақ болары анық. Мереке қарсаңында еңбегі еленген барлық тұлғаларды шын жүректен құттықтаймын. Қазақ мәдениеті өркендей бергей", – деді Ринат Зайыт.