Logo
Іздеу
Айдарлар

«Сасық Еуропа»: Лукашенко ЕО елдері Беларусқа таза ауа үшін ақы төлейтінін айтты

/
«Сасық Еуропа»: Лукашенко ЕО елдері Беларусқа таза ауа үшін ақы төлейтінін айтты
Сурет: Юрий Смитюк / ТАСС

Александр Лукашенконың сөзінше, болашақта Еуропа елдері беларусь халқына таза ауа үшін ақша төлейтін болады, деп хабарлайды Arasha.kz сайты БелТА агенттігіне сілтеме жасап.

Беларусь президенті Александр Лукашенко Березин биосфералық қорығына барған кезде елдегі ауаның сапасы туралы пікір білдірді.

«Бұл – болашақ, біз оны сақтап қалуымыз керек. Уақыты келеді, сол сасық Еуропа бізге Құдайдың бергенін сақтағанымыз үшін төлейтін болады», – деді Лукашенко.

Ол Еуроодақта таза ауа дерлік қалмағанын айтты.

«Бізге ақы төлеудің орнына, олар санкциялар арқылы қыса бастады. Бұл да өтеді, қазірдің өзінде өтіп жатыр. Көп ұзамай олар бізге осы үшін төлейтін күн келеді деп ойлаймын», – деді ол.

Бұған дейін Лукашенко Еуропадағы энергетикалық дағдарыс туралы да пікір білдіріп, сол кезде «еуропалықтар үшін отын дайындап қойдым» деген еді.

Айта кетсек, бірнеше ай бұрын Лукашенко жаңа мерзімге сайлауға қатысу-қатыспау мәселесіне және өз мұрагері туралы қауесеттерге де түсініктеме берген болатын.