Logo
Іздеу
Айдарлар

Украина жаңа Patriot зениттік-зымырандық жүйелерін алды

/
Украина жаңа Patriot зениттік-зымырандық жүйелерін алды
Сурет: ашық дереккөзден

Владимир Зеленский Украина әуе қорғанысын күшейту мақсатында Patriot зениттік-зымырандық жүйелерін алғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Arasha.kz.

«Мен Германияға және жеке өзім канцлер Фридрих Мерцке осы ортақ қадамымыз үшін алғыс айтамын. Біраз уақыт бойы біз әуе қорғанысын күшейтуге дайындалдық, енді қол жеткізілген келісімдер орындалды», — деп жазды ол Telegram-арнасында.

Украина басшысының айтуынша, әуе қорғанысын одан әрі күшейтуге бағытталған бірлескен қадамдар бойынша келіссөздер үкімет деңгейінде де, жүйелерді өндіруші компаниялармен де жалғасып жатыр.