Logo
Іздеу
Айдарлар

Римде XIII ғасырда салынған ғимарат опырлып түсті, қаза болғандар бар

/
Римде XIII ғасырда салынған ғимарат опырлып түсті, қаза болғандар бар
Сурет: Reuters

Венеция алаңынан Колизейге баратын жолда орналасқан 29 метрлік Торре-деи-Конти мұнарасы кем дегенде екі рет опырылып құлаған. Екінші рет құтқарушылар оқиға орнына жеткен сәтте опырылған, деп хабарлайды Arasha.kz.

Reuters агенттігінің хабарлауынша, оқыс жағдайдан төрт құрылысшы зардап шекті. Олардың екеуі жеңіл жарақат алып, ауруханаға жатудан бас тартқан. Үшіншісі ауыр жарақатпен ауруханаға жеткізілді, ал жергілікті билік оның өміріне қауіп төніп тұрғанын хабарлады. Төртінші жұмысшы үйінді астында қалған.

«Біз оны тірі алып шығуға тырысып жатырмыз, бірақ әрі қарай құлау қаупі болғандықтан жағдай өте күрделі», — деді Reuters агенттігіне Италияның ұлттық өрт сөндіру қызметінің өкілі Лука Кари.

Алайда үйінді астында қалған құтқарушыны тірідей алып шығу мүмкін болмады.
Конти мұнарасы XIII ғасырдың басында Папа Иннокентий III өз әулеті үшін салдырған тарихи құрылыс. Бір кездері онда Рим мэриясының кеңселері орналасқан, алайда 2006 жылдан бері пайдаланылмай, төрт жылдық қайта жөндеу жобасы аясында қалпына келтіріліп жатқан. Жобаны келесі жылы аяқтау жоспарланған.