Logo
Іздеу
Айдарлар

Илон Маск жаһандық жылынуға қарсы күресте жасанды интеллектіні пайдалануды ұсынды

/
Илон Маск жаһандық жылынуға қарсы күресте жасанды интеллектіні пайдалануды ұсынды
Сурет: ашық дереккөзден

Илон Маск климаттық технологиялар саласында жаңа идея ұсынып, жаһандық жылынудың салдарын азайту үшін жасанды интеллект пен орбитадағы спутниктерді пайдалануды ұсынды, деп хабарлайды Arasha.kz.

Кәсіпкер X платформасында жариялаған жазбасында күн энергиясымен жұмыс істейтін және жасанды интеллект арқылы басқаратын ірі спутниктер тобы Жерге түсетін күн сәулесінің мөлшерін реттей алатынын айтты. Оның айтуынша, мұндай жүйелер күн энергиясының ағынын аздап өзгерту арқылы ғаламдық температураның одан әрі көтерілуінің алдын алуға мүмкіндік береді.

Маск бұл идеяның жүзеге асу кезеңі мен осы бағыттағы нақты зерттеулер туралы әзірге ешқандай мәлімет берген жоқ.