«Қазгидромет» мәліметінше, бүгін еліміздің басым бөлігінде жауын-шашын күтіледі, деп хабарлайды Arasha.kz.
Шығыс және оңтүстік-шығыс өңірлерде жаңбыр қарға ұласуы мүмкін.
Республика бойынша тұман, көктайғақ, ал солтүстік аймақтарда — боран болжанады.
▪️ Астанада — ауыспалы бұлтты, жауын-шашынсыз, тұман, көктайғақ. Түнде −6...−8 °C, күндіз −2...−4 °C.
▪️ Алматыда — ауыспалы бұлтты, жаңбыр. Түнде +2...+4 °C, күндіз +9...+11 °C.
▪️ Шымкентте — ауыспалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Түнде 0...+2 °C, күндіз +17...+19 °C.