Logo
Іздеу
Айдарлар

"Нағыз ханшайым еді": желіде Мәдина Ерәлиеваның ерекше видеосы тарады (ВИДЕО)

/
"Нағыз ханшайым еді": желіде Мәдина Ерәлиеваның ерекше видеосы тарады (ВИДЕО)
әлеуметтік желіден. Суретте: Мәдина Ерәлиева

Әлеуметтік желіде қазақ ән өнерінің жарық жұлдызы, марқұм Мәдина Ерәлиеваның бұрын-соңды жарияланбаған видеосы кеңінен таралып жатыр, деп хабарлайды Arasha.kz.

Кадрларда өнер иесінің сахнадағы нәзік болмысы мен ерекше сымбаты көрініс тапқан. Бұл бейнежазба көрермендердің жүрегін елжіретіп, көпшілікті сағынышқа бөледі.

Желі қолданушыларының пікірі екіұшты болды: бір бөлігі Ерәлиеваның таланты мен сұлулығына сүйсініп, оның ерте кеткеніне өкінсе, енді біреулер оның жеке өміріне қатысты көзқарастарын білдірген.

"Нағыз ханшайым еді. Өнері де, түр-тұлғасы да керемет", – деп жазды бір желі қолданушысы.
"Жатқан жері жайлы болсын. Апам ерте кетті ғой", – деп жүрекжарды пікір қалдырғандар да болды.
"Сол замандағы нағыз сәнқойлардың бірі болды", "Талантты жан еді", "Болаттың арқасында емес, өзі сондай әдемі болатын", – деген пікірлер де кездеседі.