Logo
Іздеу
Айдарлар

Украиналық боксшы Усик енді абсолютті әлем чемпионы емес

/
Украиналық боксшы Усик енді абсолютті әлем чемпионы емес
Сурет: видеодан скрин

Украиналық боксшы Александр Усик суперауыр салмақтағы WBO чемпионы белдігін өз еркімен тапсырғаннан кейін абсолютті әлем чемпионы мәртебесінен айырылды. Бұл туралы Дүниежүзілік бокс ұйымы (WBO) мәлімдеді, деп хабарлайды Arasha.kz.

WBO мәлімдеуінше, Усик «шешімін мұқият ой елегінен өткізіп, титулдан бас тартуды таңдаған». Белдікті не себепті тапсырғаны нақты жарияланбады.

WBO белдігін жоғалтқанына қарамастан, Усик әлі де WBA, WBC және IBF чемпиондық атақтарының иегері болып қала береді. Ол бұл титулдарды биыл шілдеде Лондонда, «Уэмбли» стадионында өткен жекпе-жекте Дэниел Дюбуаға қайтадан үстемдік көрсетіп жеңіп алған. Дәл сол кезде ол тарихта екінші рет суперауыр салмақта абсолютті чемпион атанған еді.

Усик WBO нұсқасы бойынша әлем чемпионы атағын 2021 жылдың қыркүйегінде Энтони Джошуаны жеңгеннен кейін иеленді. Содан бері ол белдікті бес рет сәтті қорғап, барлық жекпе-жекте жеңіске жетті.

Бұл уақыт ішінде Усик Дюбуа және тағы бір британдық боксшы Тайсон Фьюримен екі-екіден жекпе-жек өткізіп, өз буынындағы ең табысты ауыр салмақ өкілдерінің бірі ретінде танылды. 2024 жылдың мамырында Фьюриді жеңгеннен кейін ол төрт нұсқа бойынша (WBO, WBA, WBC, IBF) абсолютті әлем чемпионы болды.

Арада бес апта өткен соң ол міндетті қорғаудан бас тартып, IBF белдігін өз еркімен тапсырды. Алайда бұл белдік әлі уақытша түрде оның есебінде тұр. Енді Усик WBO титулынан да бас тартты — мұның салдарынан оның ресми абсолютті чемпион мәртебесі жойылды.

Усик неге титулдан бас тартты?
WBO ережесіне сәйкес, Усиктің келесі қарсыласы Жаңа Зеландия боксшысы Джозеф Паркер болуы тиіс еді. Алайда украиналық боксшы арқа жарақатына байланысты жекпе-жекті кейінге шегеруді сұраған.