Казгидромет 19 қараша, сәрсенбі күнгі ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Arasha.kz.
Еліміздің басым бөлігінде атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты ауа райы тұрақсыз болып, жаңбыр мен қар түрінде жауын-шашын күтіледі. Тек шығыс, оңтүстік-шығыс және орталық аймақтар антициклон ықпалында болады – бұл өңірлерде жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. Республика бойынша тұман түсіп, солтүстік, батыс, шығыс және оңтүстік-шығыста жел күшейеді.
Астана:
- Құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз
- Жел: оңтүстік-шығыстан, кейін оңтүстіктен 3–8 м/с
- Температура: түнде –1…–3°C, күндіз +5…+7°C
Алматы:
- Құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз
- Жел: оңтүстік-батыстан 3–8 м/с
- Температура: түнде +4…+6°C, күндіз +13…+15°C
Шымкент:
- Құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз
- Жел: оңтүстік-шығыстан солтүстік-батысқа ауысатын 8–13 м/с
- Температура: түнде +3…+5°C, күндіз +14…+16°C