Logo
Іздеу
Айдарлар

Екі өңірде оқушылар қашықтан оқуға ауысты

/
Екі өңірде оқушылар қашықтан оқуға ауысты
Сурет: pexels

Шығыс Қазақстан және Абай облыстарында жедел респираторлық вирустық инфекциялар (ОРВИ) балалар арасында көбейген соң, бірқатар сыныптар уақытша қашықтан оқыту форматына ауысты, деп хабарлайды Arasha.kz.

ШҚО білім басқармасының мәліметінше, қазір 3 015 оқушы үйден оқып жатыр. Бұл — 23 мектептегі 169 сынып. Олардың тең жартысынан көбі — бастауыш сыныптың балалары. Қашықтан оқуға Өскемендегі 18 мектеп, Күршім ауданындағы үш мектеп және Ұлан ауданындағы екі мектептің сыныптары жіберілген.

Абай облысында бұл мәселе эпиджағдай бойынша штаб отырысында қаралды. Дәрігерлер мектептерде профилактиканы күшейтуді ұсынды. Облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Талғат Молдабековтың айтуынша, маусым басталғалы грипптің 25 жағдайы тіркелген. Көпшілігі — А типіндегі вирустар, сондай-ақ H1N1 штамы бар.