«Қазгидромет» мәліметінше, бейсенбіде Қазақстанның басым бөлігінде қалың тұман күтіледі. Солтүстік өңірлерде жаңбыр мен қар аралас жауын жауып, жаяу бұрқасын соғады, деп хабарлайды Arasha.kz.
Оңтүстік және шығыс аймақтарда жауын-шашынсыз күн райы сақталады. Республика бойынша жел күшейіп, көктайғақ болады. 15 өңірде дауылды ескерту жарияланды.
▪️ Астанада — ауыспалы бұлтты, жаңбыр. Түнде 0 −2 °C, күндіз +5–7 °C.
▪️ Алматыда — ауыспалы бұлтты, жауын-шашын жоқ. Түнде +4–6 °C, күндіз +14–16 °C.
▪️ Шымкентте — бұлтты, жауын-шашынсыз. Түнде 0 +2 °C, күндіз +13–15 °C.