Logo
Іздеу
Айдарлар

ЕО, Канада және Жапония Трампты тығырыққа тіреді

/
ЕО, Канада және Жапония Трампты тығырыққа тіреді
Фото: коллаж arasha.kz

Еуропалық кеңес Украинаға қатысты бірлескен мәлімдеме жариялады. Құжат 22 қараша күні қабылданғаны хабарланды, деп хабарлайды Arasha.kz.

Мәлімдемені бірқатар еуропалық мемлекет басшылары мен үкімет жетекшілері қолдаған: Президент Коста, Еуропалық комиссия төрайымы Урсула фон дер Ляйен, Премьер-министр Карни, Президент Стабб, Президент Макрон, Премьер-министр Мартин, Премьер-министр Мелони, Премьер-министр Такаити, Премьер-министр Схооф, Премьер-министр Санчес, Премьер-министр Стармер, Канцлер Мерц және басқалары болды. 

ЕО, Канада және Жапония бірлескен мәлімдеме жасап, олар Трамптың жоспарын қазіргі күйде қабылдау дұрыс емес деп санайтынын жеткізген. 

Көшбасшылар АҚШ-тың Украинаға бейбітшілік орнату жолындағы үздіксіз күш-жігерін құптайтынын мәлімдеді.

Олардың айтуынша, ұсынылған 28 тармақтан тұратын бастапқы жоспар әділ әрі тұрақты бейбітшілікке қол жеткізу үшін маңызды элементтерді қамтиды. Алайда құжат әлі де пысықтауды қажет етеді.

Мәлімдемеде шекаралардың күш қолдану арқылы өзгертілмеуі тиіс деген принцип ерекше атап өтілген. Сондай-ақ еуропалық лидерлер Украинаның қарулы күштерін шектеу туралы ұсыныстарға алаңдаушылық білдірді. Себебі мұндай шектеулер Украинаға болашақта төнуі мүмкін қауіптер алдында әлсіздік әкелуі мүмкін деп есептейді.

Көшбасшылар бейбітшіліктің ұзақ мерзімді әрі тұрақты болуы үшін одан әрі жұмыс істеуге дайын екенін жеткізді.