Logo
Іздеу
Айдарлар

Қаралы хабар: Кино әлемінің жұлдызы, елге танымал актер көз жұмды (ФОТО)

/
Қаралы хабар: Кино әлемінің жұлдызы, елге танымал актер көз жұмды (ФОТО)
ашық дереккөзден

89 жасында аты аңызға айналған үнді киносының жұлдызы Дхармендра өмірден өтті. Ол "Зита мен Гита", "Кек және заң", "Өз Отаным" және "Әли-Баба мен қырық қарақшының оқиғалары" фильмдері арқылы көрерменге кеңінен танымал еді, деп хабарлайды Arasha.kz.

Бұл ақпаратты NDTV өз Instagram парақшасында растады.

"Үнді киносының ардагері Дхармендра 24 қараша күні 89 жасында Мумбайдағы өз үйінде дүние салды", – делінген хабарламада.

Актер ауруханадан шыққаннан кейін 12 күннен соң көз жұмған. Қазан айының соңында тыныс алуындағы проблемаларға байланысты Мумбайдағы ауруханаға жатқызылған болатын. 8 желтоқсанда Дхармендра 90 жасқа толар еді.

Дхарам Сингх Деол – актер ғана емес, сонымен қатар продюсер де болған. Үнді киносына қосқан зор үлесі үшін ол елдегі ең жоғары азаматтық марапаттардың бірі "Падма Бхушан" иегері атанды. Ол алғаш рет "Гүл және тас" фильмі арқылы үлкен танымалдыққа ие болды. Дхармендра саналы ғұмырында 300-ден астам фильмге түсті.  Кино саласынан бөлек, ол продюсерлікпен айналысып, біраз уақыт Үндістан парламентінің мүшесі де болды.