Logo
Іздеу
Айдарлар

Ел асыға күткен шешім: Президент Тоқаев маңызды заңға қол қойды

/
Ел асыға күткен шешім: Президент Тоқаев маңызды заңға қол қойды
Ақорда. Суретте: Қасым-Жомарт Тоқаев

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев "Зияткерлік меншік мәселелеріне қатысты Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заңға қол қойды, деп хабарлайды Arasha.kz.

Құжаттың негізгі мақсаты – зияткерлік меншік құқықтарын қорғауды күшейту және осы саладағы бірқатар процестерді жетілдіру. Жаңа заң бірнеше маңызды жаңашылдықты қамтиды.

Заңда қарастырылған негізгі өзгерістер:

  • Көру қабілеті бұзылған азаматтарға жеңілдік. Енді олар автордың рұқсатынсыз және сыйақы төлемей-ақ жарияланған туындыларды көпшілікке қолжетімді етіп орындай алады, тарата алады және пайдалана алады.
  • Тауар белгілерін тіркеуді жеделдету. Бұрын тіркеу рәсімі 7 айға созылатын. Жаңа заң ақылы жедел тіркеу механизмін енгізіп, бұл мерзімді 4 айға дейін қысқартуға мүмкіндік береді. Бұл кәсіпкерлердің өнімдерін нарыққа тез шығаруы үшін қолайлы жағдай жасайды.
  • Шағымдану мерзімі ұлғайтылды. Тауар белгісін тіркеуге қатысты шағымды бұрын 1 ай ішінде беруге болатын. Жаңа заң бұл мерзімді 2 айға дейін ұзартуды көздейді.
  • Авторлық құқықты қорғауды күшейту. Авторлар мен құқық иелерінің шағымдары бойынша Әділет органдары жоспардан тыс тексерулер жүргізе алады. Бұл заңсыз контентті пайдалануға қарсы тиімді бақылау орнатуға бағытталған.
  • Ұжымдық құқықтарды басқарудың цифрлық жүйесі. Салада бірыңғай цифрлық платформа енгізіліп, авторлық құқықтарды басқару үрдісі бір орталықтан автоматтандырылмақ.