1991 жылы Қазақстан тәуелсіздік алған жылдан бастап, өзін әлемге бейбітсүйгіш, көпвекторлы саясатты ұстанатын, демократиялық құндылықтарды алға қоятын ел ретінде позиция көрсете бастады. Оған дәлел 1991 жылы Семей ядролық сынақ полигонын жабу, ядролық қарудан түбегейлі бас тарту, діни ұйымдар мен конфессиялар арасында диалог орнату, геосаяси мәселелерде бітімгершілік мақсатта қызмет ету әрекеттерінен көруге болады.
Ядролық қарусыз Қазақстан
1990 жылдардың басында Қазақстан ядролық арсеналдан (1410 ядролық оқтұмсық – сол кезде әлемдегі төртінші ең ірі арсенал) өз еркімен бас тартып, оқтұмсықтар мен ядролық материалдарды Ресейге халықаралық бақылау аясында тапсырып, жеткізу жүйелерін бөлшектеді. 1991 жылы Семей ядролық сынақ полигоны жабылуы туралы шешім қабылданды.
Бейбітшілік – Қазақстан Республикасы ұстанымының негізі
Біріккен Ұлттар Ұйымының алғашқы бітімгерлік миссиясы осыдан 77 жыл бұрын басталған болатын. Ал Қазақстан бітімгершілік миссиясымен қызметін 25 жыл бұрын «Қазақстан бітімгерлер батальоны» мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы Үкімет қаулысының қабылданған соң бастады. Қазақстанның бітімгершілік миссиясы үш жыл өткенде, яғни 2003 жылы Иракта басталды. Сондан бері Қазақстан бітімгерлері үздіксіз қызмет атқарып келеді.
Халықаралық ұйымдарға мүше болу Қазақстанның саяси иммиджі
Қазақстан Республикасының тағы бір маңызды саяси бағыты ‒ халықаралық ұйымдармен белсенді жұмыс істеу. Біздің еліміз 1992 жылдар бері БҰҰ мүшесі, Шанхай ынтымақтастық ұйымы (ШЫҰ) қатарына кіреді, Ислам азық-түлік қауіпсіздігі ұйымы (ИАҚҰ) сияқты бірқатар беделді халықаралық ұйымдарға мүшелікке кірген. Бұл Қазақстан үшін тек халықаралық бедел мен бет-бейнені қалыптастыру жолы ғана емес, демократиялық құндылықтарды дәріптеу жолы.