Жаңа Конституцияның жобасы республикалық референдумға шығарылды
Logo
Іздеу
Айдарлар

Кремльде Владимир Путинге қатысты наразылық күшейіп келеді

/
Кремльде Владимир Путинге қатысты наразылық күшейіп келеді
Сурет: видеодан скрин

Украинамен соғыстағы сәтсіздіктер аясында Кремльдегі Путиннің ең жақын ортасында наразылық күшейіп келеді. Бұл туралы Arasha.kz  сайты Daily Mail дерегіне сілтеме жасап хабарлайды.

Наразылықтың басты себептерінің бірі — украин дрондары мен зымырандарының Ресейдің негізгі мұнай және әскери инфрақұрылымына жасаған жойқын соққылары. Соның салдарынан порттар мен зауыттар өртеніп, майдандағы ресейлік әскердің алға жылжуы іс жүзінде тоқтап қалған. Құрбандар саны да айтарлықтай өсіп, апта сайын шамамен 8 000 сарбаздан айырылып отыр деген мәлімет айтылады.

Ресейлік пропагандистер мен блогерлердің өзі Кремльдің әрекеттерін ашық сынай бастады. Олар әскери қолбасшылықтың біліксіздігін айтып, кей жағдайларда украин күштерінің әрекеттерін де мойындап отыр.

Тіпті ультраұлтшыл топтардың өкілдері де жағдайдың қиындағанын жасырмайды. Соның ішінде Александр Дугин майдандағы сарбаздар арасында үмітсіздік күшейіп бара жатқанын мойындаған.

Қосымша наразылыққа Telegram мессенджерінің бұғатталуы да себеп болған. Бұл сервис майдандағы байланысқа, бизнеске және азаматтық коммуникацияға маңызды құрал еді. Оның орнына ресейліктерді ФСБ бақылауындағы, әрі Путиннің туыстарының бірімен байланысты деп айтылатын MAX қосымшасын пайдалануға мәжбүрлеп жатыр деген пікірлер бар.

Соңғы уақытта Владимир Путиннің қоғамдық белсенділігі де азайғаны байқалады. Ал оның рейтингі соғыс басталғаннан бергі ең төменгі деңгейге түскені айтылуда.