Жаңа Конституцияның жобасы республикалық референдумға шығарылды
Logo
Іздеу
Айдарлар

Израиль Ливандағы тұтас ауылды жермен-жексен етті

/
Израиль Ливандағы тұтас ауылды жермен-жексен етті
Фото: ашық дереккөзден алынды

Израиль әскері Ливанның оңтүстігіндегі бірнеше ауылды толықтай қиратты. Жергілікті тұрғындар «бәрі жойылды» деп дабыл қағып отыр, деп хабарлайды Arasha.kz.

Әскери операция барысында үйлерге алдын ала жарылғыш заттар қойылып, кейін жаппай қашықтан жарылған. Тайбе, Накура және Дейр-Серьян ауылдарында болған жарылыстардың видеолары жарияланған. Кейбір деректерге қарағанда, шекара бойындағы басқа елді мекендер де осындай тәсілмен жойылған.

Израиль тарапы бұл әрекетті «Хезболла» инфрақұрылымын жоюмен түсіндіреді. Әскерилер қарулы топ тұрғын үйлерді әскери мақсатта пайдаланып отыр деп мәлімдеген. Сонымен қатар, Израиль оңтүстік Ливанда қауіпсіздік аймағын құруды жоспарлап отырғаны айтылды. Бұл аймаққа тұрғындардың қайтуына шектеу қойылуы мүмкін.

Алайда құқық қорғау ұйымдары мұндай әрекеттерді сынға алды. Олардың пікірінше, тұтас ауылдарды қирату халықаралық құқыққа қайшы болуы ықтимал. Сарапшылар бұл тәсілді «домицид» – яғни тұрғын үйлерді жүйелі түрде жою арқылы аймақты өмір сүруге жарамсыз ету деп сипаттайды.

Жергілікті халық үшін бұл тек инфрақұрылымның жойылуы емес. Бұл – тұтас өмірдің күйреуі. Куәгерлердің айтуынша, адамдар өз үйлерінің жарылғанын видеодан көріп, босқынға айналғанын сол сәтте түсінген. Көпшілігі үшін туған жер енді тек естелікке айналған.

Қақтығыс тек әскери деңгейде емес, гуманитарлық дағдарысқа да ұласып барады. Сарапшылардың айтуынша, мұндай жағдай аймақта ұзақ мерзімді тұрақсыздыққа әкелуі мүмкін.