Мәжіліс кулуарында Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова Астанадағы қайғылы оқиға кезінде қаза тапқан фельдшер Ұлдана Мырзуанның құрметіне ескерткіш орнату жоспарланып отырғанын айтты, деп хабарлайды Arasha.kz.
"Ұлдана Мырзуан білім алған медициналық колледжде оның атына аудитория ашу жөнінде бастама көтеріп жатырмыз. Бұл – бәріміз үшін өте ауыр жағдай. Сонымен бірге оның есімі ұмытылмас үшін ескерткіш орнатуды да ойластырып отырмыз", – деді министр.
Еске сала кетейік, 8 қараша күні Астанада тұрғын үйдің қасбеті құлап, оқиға орнына келген фельдшердің басына кондиционер түсіп кеткен. Ол ауыр жарақатпен ауруханаға жеткізілгенімен, дәрігерлер оның өмірін құтқара алмады.