Қоғамда үлкен пікірталас тудырып, ұстаздардың қарсылығына себеп болған "Мақсатты мектеп" жобасы ресми түрде тоқтатылды, деп жазады Arasha.kz.
Бұл шешім Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменованың қатысуымен өткен кеңейтілген алқа отырысында жарияланды. Жиында білім сапасы, мектептердегі өзекті мәселелер және педагогтердің жүктемесі кеңінен қаралды.
Министрдің айтуынша, аталған бастама мұғалімдерге артық міндет жүктеп, олардың негізгі сабақ беру процесіне кедергі келтірген. Сонымен бірге жобаның нақты құқықтық базасы мен ресми бекітілген құжаттары болмағаны анықталған. Осы себептерге байланысты жобаны тоқтату жөнінде шешім қабылданды.
"Мұғалімдерді қолдаудың орнына, оларды қосымша сабаққа тартып, ауыр жүктемеге салған, нақты мақсаты мен ережесі анықталмаған "Мақсатты мектептер" жобасы тоқтатылуы керек. Ұстаздардың біліктілігін арттыру қажет, бірақ ол заңға сай, жүйелі түрде жүзеге асырылуы тиіс", – деген еді Сүлейменова депутат кезінде.