Танымал әнші Әли Оқапов жақын досынан айырылғанын айтып, әлеуметтік желі арқылы ауыр хабарын бөлісті, деп хабарлайды Arasha.kz.
Әнші Instagram парақшасында досына деген сағынышын жеткізіп, жүрекжарды жазба қалдырған.
"Ғалым, қош бол бауырым. Жатқан жерің жайлы болсын. Барлығы үшін рақмет, бауыр. Ауыр жүрекпен хабарлаймыз: біздің жақын досымыз, Мото-бауырымыз бұл дүниеден өтті. Ол кең жүректі, адал дос, әрі отбасымыздың бір бөлігі болған адам еді. Жақындарына және оны таныған барлық жандарға көңіл айтамыз. Иә, түсірілім басталардың дәл алдында осы жаңалық келді. Менде мұндай бұрын да болған – өткен жылы "Жұлдызды жұп" жобасының алғашқы түсірілім күні. Таңертең жақын досыңнан айырылып, бір сағаттан кейін кадрда күліп, әзілдеп тұрасың. Себебі бұл – сенің жұмысың. Ал қазір жай ғана ұйықтап қалғым келеді. Өйткені ертең жаңа күн басталады, әрі қарай жүгіріп, жұмыс істеу керек. Және ешқашан адамның теледидардан немесе осында, әлеуметтік желіден көрген кейпіне қарап пікір жасамаңыздар. Себебі ешкім адамның ішінде шын мәнінде не болып жатқанын білмейді. Өмір", – деп жазды өнер иесі.
