Logo
Іздеу
Айдарлар

Ақтауда заңсыз төгілген 17 қоқыс алаңы жойылды

/
Ақтауда заңсыз төгілген 17 қоқыс алаңы жойылды

Ақтауда биыл спутниктік мониторинг нәтижесінде қала аумағында заңсыз төгілген 17 ірі қоқыс нүктесі анықталды. Қала әкімі есеп беру кездесуінде бұл орындардың барлығы толық тазартылғанын мәлімдеді.

Айта кетерлігі, бұл санитарлық жұмыстар бюджет қаржысы жұмсалмай, демеушілердің қолдауымен жүзеге асқан.

Биыл Ақтауда Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен ұйымдастырылған «Таза Қазақстан» республикалық акциясы аясында 25 экологиялық іс-шара өткізілді. Нәтижесінде 7 мыңнан астам ағаш отырғызылып, 282 тонна қоқыс жиналды.

Ақтау қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі.