Америкалық кәсіпкер Илон Маск Еуроодақты таратып, альянсқа мүше елдерге егемендікті қайтаруды ұсынды, деп хабарлайды Arasha.kz сайты «КоммерсантЪ»-қа сілтеме жасап.
5 желтоқсанда Еурокомиссия Маскке тиесілі X әлеуметтік желісіне 120 миллион еуро көлемінде айыппұл салды.
«ЕО таратылуы тиіс, ал жеке мемлекеттерге өз халқына жақсырақ өкілдік ету үшін егемендік қайтарылуы керек», — деп жазды Маск Х әлеуметтік желісінде.
Еурокомиссияның X желісіне салған айыппұлы — цифрлық қызметтер туралы заңның (DSA) ережелерін бұзғаны үшін қолданылған алғашқы жаза. Құжат 2022 жылы қабылданған. Еурокомиссияның айтуынша, X-тегі тексерілген аккаунттарға қойылатын көк белгі (blue check) пайдаланушыларды шатастырады. Себебі мұндай белгі кез келген адамның алуына мүмкіндік бар, сондықтан аккаунттың шынайылығын ажырату қиынға соғады деп есептейді Еурокомиссия.