Бундестагта Германиядағы Ленин атындағы көшелерді қайта атау жөнінде бастама көтерілді, деп хабарлайды Arasha.kz сайты Bild басылымына сілтеме жасап.
Германия бундестагының ГДР диктатурасы құрбандары жөніндегі уәкілі Эвелин Цупке елдің шығысындағы қалалар билігін ГДР және кеңестік кезең тұлғаларының есімдерімен байланысты көшелердің атауын алып тастауға шақырды. Мәселен, шығыс аймақтарда әлі күнге дейін Владимир Ленин, Отто Гротеволь және Вильгельм Пик атындағы көшелер бар.
Көшелерді қайта атау жөніндегі пікірталастар қызу жүріп жатыр, бірақ жергілікті билік бұл бастамаға қарсы. Көше атауын өзгерту туралы шешімді тек қалалық кеңес қабылдай алады, атқарушы билік емес.
Цупке бұл мәселені шешу міндетін бургомистрлерге жүктеуді ұсынды.
Шығыс Германияда Ленин атындағы оннан астам көше сақталған.