Әйелдер психологы әрі коуч Айзат ханым нәзік жандыларға ерекше кеңес ұсынып, әлеуметтік желіде қызу талқы тудырды, деп хабарлайды Arasha.kz.
Маманның айтуынша, отбасының қаржылық берекесі әйелдің күйеуіне көрсететін құрметінен басталады. Ол «ерінің аяғын жуған әйел бай болады» деген пікірін ашық жеткізді.
"Бай болғыңыз келсе, күйеуіңіздің аяғын жуыңыз. Ол үйге кірген сәтте жылы суға тегене дайындап, аяғын жуып беріңіз. Сол кезде "біз бай болайық" деп ниеттеніңіз. Ер адам өзін үйдің нағыз отағасы ретінде сезінеді, жауапкершілік ала бастайды", – дейді Айзат ханым.
Психолог мұндай қамқорлық ер адамның әйеліне деген ілтипатын күшейтіп, отбасының қаржылық жағдайына оң әсер етеді деп есептейді.
"Өзіне сондай құрмет көрсеткен әйелге ер адам қалай жақсылық жасай аламын, қалай бақытты етемін деп ойлайды. Оның сізге деген қарым-қатынасы өзгереді, қолынан келгенше жағдай жасауға тырысады. Осындай үйлесім отбасының да, әйелдің де берекесін арттырады", – деп түсіндірді коуч.