Logo
Іздеу
Айдарлар

ХАМАС қаруды тапсырауға дайын екенін мәлімдеді

/
ХАМАС қаруды тапсырауға дайын екенін мәлімдеді
Сурет: ашық дереккөзден

Палестинадағы ХАМАС ұйымы қаруды тапсыруға келісетінін, алайда бұл Израиль әскері Газадағы сектордан толық шығуы шартында ғана мүмкін болатынын хабарлады, деп хабарлайды Arasha.kz сайты DW агенттігіне сілтеме жасап.

AFP агенттігінің деректері бойынша, ХАМАС тәуелсіз Палестина мемлекетін құруды талап етеді, ал әскери күштер шығарылған жағдайда қаруды сол мемлекетке тапсыруға дайын.

Сонымен қатар, ХАМАС БҰҰ әскерлерін орналастыруға келісіп отыр, олар келісімді сақтауды бақылап, шекараны күзететін болады.

Өз кезегінде Израиль премьер-министрі Биньямин Нетаньяху Газадағы қақтығысты екінші кезеңге көшіруді «жақын арада» күтіп отырғанын мәлімдеді.

«Біз АҚШ президенті Дональд Трамптың Газадағы бейбітшілік жоспарының бірінші кезеңін аяқтауға жақынбыз, мақсатқа қол жеткіздік», - деді ол.

 Оның сөзінше, желтоқсан айының соңында екінші кезеңнің іске асырылуын қамтамасыз ету жөнінде Трамппен келіссөздер жоспарланған.