Logo
Іздеу
Айдарлар

Бүгін Қазақстан үшін тарихи күн: 30 жыл бұрынғы маңызды шешім

/
Бүгін Қазақстан үшін тарихи күн: 30 жыл бұрынғы маңызды шешім
ашық дереккөзден

Осыдан тура 30 жыл бұрын Қазақ Кеңестік Социалистік Республикасының атауы Қазақстан Республикасы деп өзгертілген тарихи күн болған еді, деп хабарлайды Arasha.kz.

1991 жылғы 10 желтоқсанда Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі республика атауын өзгерту туралы маңызды қаулы қабылдады. Құжатта көпұлтты халықтың өзін-өзі анықтау құқығы, адам құқықтары мен бостандықтарының мызғымас қағидаттары, сондай-ақ демократиялық, тәуелсіз және құқықтық мемлекет құруға деген ұмтылыс негіз болғаны атап өтіледі.

Осы қаулыға еліміздің Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев қол қойды. Дәл сол күні ол Президент ретінде ант беріп, мемлекет басшысы қызметіне ресми кірісті.

Ал арада алты күн өткен соң, 1991 жылдың 16 желтоқсанында Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігін жариялады.