Logo
Іздеу
Айдарлар

АҚШ-та НАТО-дан шығу туралы заң жобасы ұсынылды

/
АҚШ-та НАТО-дан шығу туралы заң жобасы ұсынылды
Сурет: ашық дереккөзден

АҚШ Конгресінің Республикалық партиядан сайланған мүшесі Томас Мэсси АҚШ-тың НАТО-дан шығуын көздейтін HR 6508 заң жобасын таныстырды, деп хабарлайды Arasha.kz.

«НАТО – бұл Қырғи қабақ соғыстың сарқыншағы. Біз НАТО-дан шығып, бұл қаражатты өз еліміздің қорғанысына жұмсауымыз керек, басқа социалистік мемлекеттердің емес», – делінген оның мәлімдемесінде.

Конгрессменнің айтуынша, Америка бүкіл әлемнің қауіпсіздігі үшін кепіл болмауы тиіс, әсіресе ауқатты мемлекеттер өз қорғанысына ақша жұмсаудан бас тартқан кезде.

Заң жобасы АҚШ президентін Альянсқа елдің шығу туралы ресми түрде хабарлау міндетін жүктейді. Сондай-ақ құжатта блоктың Қырғи қабақ соғыс кезеңіндегі бастапқы миссиясы қазіргі АҚШ мүдделеріне сәйкес келмейтіні айтылған. Бұған қоса, НАТО-ның еуропалық мүшелерінің өз қорғанысын қамтамасыз етуге жеткілікті экономикалық және әскери әлеуеті бар екені көрсетіліп, америкалық салық төлеушілердің ақшасы ұйымның ортақ бюджеттеріне жұмсалуына жол бермеу көзделген.