Logo
Іздеу
Айдарлар

Қазақстан–Корея смарт-қала жобасын бірге дамытады

/
Қазақстан–Корея смарт-қала жобасын бірге дамытады
gov.kz

Премьер-министрдің орынбасары Қанат Бозымбаев Кореяның шетелдік инфрақұрылым және қалалық даму корпорациясының (KIND) президенті және бас директоры Ким Пок-хванмен кездесті.

Астанада өткен бұл кездесу қазан айында Сеулде «Alatau Rise with Kazakhstan» роуд-шоуы кезінде басталған келіссөздердің жалғасы болды. Сол тұста қазақстандық тарап Alatau Smart City жобасын елдің стратегиялық мегажобаларының бірі ретінде таныстырған еді.

Кездесуде Қанат Бозымбаев Корея бизнесінің жобаны қолдауына жоғары баға беріп, KIND корпорациясының энергетика, сумен жабдықтау, су тазарту, сарқынды суларды өңдеу, су бұру және қатты тұрмыстық қалдықтарды қайта өңдеу салаларында EPC-келісімшарттар немесе девелопмент форматы арқылы жұмыс істей алатынын атап өтті.

Тараптар сонымен қатар логистика мен порт инфрақұрылымы салаларындағы ықтимал бірлескен бастамаларды талқылады. Ынтымақтастықты одан әрі тереңдету мақсатында вице-премьер KIND корпорациясына Қазақстанда аймақтық кеңсе ашуды ұсынды.

Кездесу қорытындысында Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі, «Alatau City Authority» мемлекеттік қоры және Кореяның шетелдік инфрақұрылым және қалалық даму корпорациясы арасында Alatau Smart City жобасын дамыту жөніндегі өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойылды.