Контентке өту
Жаңалықтар Қоғам Саясат Аймақтар Спорт Мәдениет Әлем Денсаулық Ғылым Тарих Экономика Қаржы
Әлем

Турист қол жүгімен 11 мыңнан астам бриллиантты алып өтпек болған

Турист қол жүгімен 11 мыңнан астам бриллиантты алып өтпек болған
Сурет: ЖИ

Германия кеден қызметі Анголадан келген жолаушының қол жүгінен 11 мыңнан астам бриллиантты тапты. Оқиға Франкфурт-на-Майн әуежайында болған, деп хабарлайды Arasha.kz.

DPA агенттігінің кеден және федералдық полицияға сілтеме жасап жазуынша, саяхатшының басты мәселесі — бағалы тастарды кедендік декларацияда көрсетпегені.

«Франкфурт әуежайындағы кеден қызметкерлері жолаушының қол жүгінен 11,2 мыңнан астам бриллиантты анықтады. Олар чемоданның қос түбіне жасырылған. 53 жастағы ер адам Франкфуртқа Анголадан ұшып келген», — делінген агенттік хабарламасында.

Сондай-ақ ер адам бриллианттарға қатысты сертификат ұсына алмаған. Табылған асыл тастардың нақты құны әзірге айтылмайды. Саяхатшы ұсталды.

Бұған дейін Өзбекстанда алғаш рет автокөлік, алкоголь өнімдері және тіпті ауызсуды қолма-қол ақшаға сатып алуға тыйым салынғаны хабарланған еді.