Logo
Іздеу
Айдарлар

Зеленский НАТО-дан бас тартуға дайын

/
Зеленский НАТО-дан бас тартуға дайын
Сурет: ашық дереккөзден

Украина президенті Владимир Зеленский егер ел АҚШ-тан, еуропалық серіктестерден және Канада мен Жапонияны қоса алғанда басқа да мемлекеттерден сенімді қауіпсіздік кепілдіктерін алатын болса, НАТО-ға мүшелікке ұмтылудан бас тартуға дайын екенін мәлімдеді. Бұл туралы The Financial Times жазды, деп хабарлайды Arasha.kz.

Зеленскийдің айтуынша, кез келген бейбіт жоспар ымыраны талап етеді, алайда Украина үшін қауіпсіздік кепілдіктері әлі де аса маңызды.

— Біз Украина мен АҚШ арасындағы екіжақты қауіпсіздік кепілдіктері туралы айтып отырмыз, нақтырақ айтқанда, 5-бапқа ұқсас кепілдіктер туралы. Сондай-ақ еуропалық серіктестерімізден және Канада, Жапония секілді басқа да елдерден қауіпсіздік кепілдіктері қажет, — деді Зеленский журналистерге.

Оның айтуынша, Киев осы апта басында еуропалық көшбасшылармен консультациялардан кейін жолдаған бейбіт жоспарға қатысты жаңартылған ұсыныстарға Вашингтоннан әзірге ресми жауап алмаған.