Желтоқсан оқиғасының куәгері, ақын Жұмаш Кенебай журналист Қанат Тілеуханға сұқбат беріп, ұлт тарихындағы қанды-қасіретті трагедияға байланысты тың дерек айтты, деп хабарлайды Arasha.kz.
"1986 жылғы Желтоқсан көтерілісі. Кезінде Серікболсын Әбділдин Қазақстанның өкілі ретінде Москвада отырды. Содан бір күні Назарбаев Москваға келіп қалды дейді. Сол кезде КСРО КГБ-сы Назарбаевты тергеуге шақырыпты. Нұрсұлтан Назарбаевтың үстінен 12 том қылмыстық іс қозғалыпты. Кіммен сөйлесті, кіммен кездесті, 1986 жылғы Желтоқсан оқиғасына дейінгі оқиғаның бәрі жазулы тұрған екен. Серікболсын аға куә боп отырған екен. Сол 12 томдық құжатта мемлекетке қатысты барлық құпия мәселелер, істер, сөздер сайрап тұр екен. Сол құжатта біраз адамның аты болған. Сол адамдар мемлекеттік тәуелсіздік алып бергісі кеп тұрған жоқ, керісінше өздері билікке жетіп алуды көздеп отыр. Ешқандай жастар көтеріліске шығайық деп ойлмаған, жатақханаларға Назарбаев өз адамдарын жіберген. Оның үстіне, жастарда ондай түсінік болған да жоқ. Жастар "осы жақта не болып жатыр екен?" деп қызықтап барған. Ал барлық дайындықты жүргізген – биліктің өзі. Олардың қатарында Зақаш Камалиденов, Нұрсұлтан Назарбаев секілді біршама адам болған", – деді Жұмаш Кенебай.