Вашингтонда Берлиндегі келіссөздер барысында Украина мен Ресей арасындағы келіспеушіліктердің шамамен 90%-ын жоюға қол жеткізілді деп есептейді.
Бұл туралы Sky News-ке аты-жөнін жарияламауды сұраған жоғары лауазымды америкалық шенеунік хабарлады. Оның айтуынша, АҚШ пен Украина өкілдерінің кездесуіндегі басты тақырып қауіпсіздік кепілдіктері болған.
АҚШ тарапы НАТО-ның бесінші бабына ұқсас қауіпсіздік кепілдіктері мәселесінде ілгерілеу бар екенін мәлімдеді. Бұл қағидаға сәйкес, бір елге жасалған шабуыл барлық елдерге жасалған шабуыл ретінде қарастырылады. Сонымен бірге мұндай кепілдіктердің мерзімсіз болмайтыны атап өтілді.