Logo
Іздеу
Айдарлар

Трамп тағы жеті мемлекеттің азаматтарына АҚШ-қа кіруге тыйым салды

/
Трамп тағы жеті мемлекеттің азаматтарына АҚШ-қа кіруге тыйым салды
Сурет: ашық дереккөзден

Трамп 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап тағы жеті мемлекеттің азаматтарына АҚШ-қа толық кіруге тыйым салды, деп хабарлайды Arasha.kz.

Трамп бұрын енгізілген тыйымды сақтап, АҚШ-қа кіруге Ауғанстан, Гаити, Иран, Йемен, Ливия, Мьянма, Конго Республикасы, Сомали, Судан, Чад, Экваториаль Гвинея және Эритрея азаматтарына тыйым салды. Бұдан бөлек, Буркина-Фасо, Мали, Нигер, Оңтүстік Судан және Сирия азаматтарына толық тыйым енгізілді. 

Жарлықта Палестина автономиясының құжаттарымен саяхат жасайтын тұлғаларға да кіруге тыйымдар мен шектеулер қарастырылған. Лаос пен Сьерра-Леоне азаматтарына да толық тыйым салынды, ал бұған дейін оларға тек ішінара шектеулер қолданылған болатын.

Ішінара кіруге шектеулер Ангола, Антигуа және Барбуда, Бенин, Кот-д’Ивуар, Доминика, Габон, Гамбия, Малави, Мавритания, Нигерия, Сенегал, Танзания, Тонга патшалығы, Замбия және Зимбабве азаматтарына қолданылды. Сонымен қатар, Түрікменстан азаматтарына қатысты шектеулер ішінара жеңілдетіліп, АҚШ қазір олар үшін иммиграциялық емес визалар бойынша кіруге рұқсат береді.