Logo
Іздеу
Айдарлар

Италия премьер-министрі Джорджа Мелони әлемдік көшбасшылардан алған сыйлықтарын сатылымға шығармақ

/
Италия премьер-министрі Джорджа Мелони әлемдік көшбасшылардан алған сыйлықтарын сатылымға шығармақ
Сурет: ашық дереккөзден

Италияның премьер-министрі Джорджа Мелони шетелдік мемлекет басшыларынан алған құнды сыйлықтарды қайырымдылық аукционы арқылы сатуды жоспарлап отыр, деп хабарлайды Arasha.kz.

Италия заңнамасына сәйкес, мемлекет басшысы құны 300 еуродан асатын сыйлықтарды жеке пайдалана алмайды. Мұндай тартулар Палаццо Киджидегі арнайы қоймада сақталады. Осыған байланысты оларды сатудан түскен қаражатты әлеуметтік тұрғыдан аз қамтылған азаматтарға бағыттау туралы шешім қабылданған.

Тізімде барлығы 270 бұйым бар. Олардың қатарында Өзбекстан премьер-министрі сыйға тартқан гауһар тасты алтын сақина, Словакия басшысынан алынған зергерлік жиынтық (алқа, сақина және сырға), Үндістан премьер-министрі Нарендра Модиден келген Махатма Гандидің күміс мүсіні, Виктор Орбан сыйлаған фарфор бұйымдары және Владимир Зеленскийден алынған белгісіз «тақтайша» бар. Сонымен қатар дизайнерлік жиһаз, брендтік аксессуарлар мен киім-кешек, сондай-ақ әлемнің әр түкпірінен алынған дәстүрлі ұлттық киімдер, оның ішінде үндіс резервациясы көсемінен сыйға тартылған бас киім де кездеседі.

Сыйлықтардың алдын ала бағаланған жалпы құны 800 миллион еуродан асады. Алайда кейбір заттардың тарихи және мәдени құндылығы жоғары болғандықтан, түпкілікті сома бұдан да көп болуы мүмкін.