Logo
Іздеу
Айдарлар

Бүгін кешке Алматының бас шыршасы жағылады

/
Бүгін кешке Алматының бас шыршасы жағылады
Сурет: әкімдіктен

18 желтоқсан күні, сағат 19:00-де Республика Сарайы алдындағы Абай алаңында
Алматы қаласының бас шыршасы жағылады, деп хабарлайды Arasha.kz.

Кеш аясында сағат 19:00-ден 20:30-ға дейін көрермендерге арнап арнайы дайындалған ауқымды мерекелік шоу-бағдарлама ұсынылады.

Мерекелік кештің сахнасында Қазақстан эстрадасының Роза Рымбаева, «ЖІГІТТЕР» тобы, Әли Оқапов, «KешYOU» тобы, Балжан Бидаш, Мәди Рымбаев, «ASTRA» тобы, Kodi сияқты танымал жұлдыздары өнер көрсетеді. 

Сонымен қатар, Абай алаңында кішкентай көрермендерді Аяз Ата мен Ақшақар, басқа да ертегі кейіпкерлері қарсы алып, керемет көңіл күй сыйлайды.

Баршаңызды мерекелік атмосфераны бірге сезініп, Жаңа жылдық шырша шамын бірге жағуға шақырамыз!