Logo
Іздеу
Айдарлар

"Ақжарқын Қазақстанға қайтарыла ма?" – Қытай түрмесіндегі қазақ қызы туралы тың дерек шықты (ВИДЕО)

/
"Ақжарқын Қазақстанға қайтарыла ма?" – Қытай түрмесіндегі қазақ қызы туралы тың дерек шықты (ВИДЕО)
ашық дереккөзден

Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің бірінші орынбасары Ержан Ашықбаев Қытайда өмір бойына бас бостандығынан айырылған Ақжарқын Тұрлыбайға қатысты тараған ақпаратқа түсініктеме берді, деп Arasha.kz тілшісі kznews.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Министрлік өкілінің айтуынша, қазіргі таңда Ақжарқын Тұрлыбай Қазақстан аумағына әлі жеткізілген жоқ. Алайда оны елге қайтару бағытында тиісті жұмыстар жүргізіліп жатыр.

Ержан Ашықбаев бұл мәселенің оның тікелей құзыретіне кірмейтінін атап өтіп, нақты қандай қадамдар жасалып жатқанын әзірге ашып айта алмайтынын жеткізді.

"Бұл мәселе менің тікелей бақылауымда болмағандықтан, қандай жұмыстар жүргізіліп жатқанын нақты айта алмаймын. Егер жазбаша сауал жолданса, ақпарат беруге дайынбыз. Ақжарқын Тұрлыбай – Қазақстан Республикасының азаматы болғандықтан, бұл мәселе үнемі назарымызда. Үміт бар, алайда оның қалай жүзеге асатынын уақыт көрсетеді", – деді ол.