Logo
Іздеу
Айдарлар

Путин майдандағы жағдай туралы: «қарсылас шегініп жатыр»

/
Путин майдандағы жағдай туралы: «қарсылас шегініп жатыр»
Сурет: видеодан скрин

РФ президенті Владимир Путин жыл сайынғы  «тікелей желі» сқхбатын өткізуде. Оған алғашқы сұрақ майдандағы жағдай туралы қойылды, деп хабарлайды Arasha.kz.

«Жаңа ғана Бас штаб басшысынан кезекті баяндама тыңдадым», — деп жалғастырды Путин.

Оның айтуынша, Ресей барлық бағытта шабуыл жасап жатыр, ал «қарсылас шегінуде».

Путиннің сөзінше, Донецк облысындағы Северск қаласы алынғаннан кейін алға жылжуға мүмкіндік ашылады. Алайда Украина Қарулы күштері Северсктің алынғанын растаған жоқ.

Путин Лиман қаласы жақын уақытта алынады деп болжады. Оның айтуынша, Константиновкада ұрыстар жүріп жатыр және қаланың шамамен 50 пайызы Ресейдің бақылауында.

Сондай-ақ ол Украина Қарулы күштерінің Покровскіні қайтарып алу әрекеттері сәтсіз болғанын мәлімдеді.

Ресей президентінің сөзінше, «Восток» тобы Запорожье облысында жылдам ілгерілеп келеді, Гуляйполе қаласында ұрыстар жүріп жатыр.

Путин Харьков облысындағы Купянск қаласының алынғаны туралы мәлімдемесін тағы да қайталады.