Путин өзін украиндар мен ресейліктердің қаза тапқаны үшін кінәлі санамайды және қайтадан келіссөздерге дайын екенін айтты, деп хабарлайды Arasha.kz.
NBC тілшісі Владимир Путинге Дональд Трамппен қарым-қатынасы және Украина тарапынан үлкен ықтимал жеңілдіктерді талап ететін оның бейбіт жоспарлары туралы сұрақ қойды.
Тілші Путиннен украиндар мен ресейліктердің өлімі үшін өзіңізді жауапты сезінесіз бе деп сұрады.
– Біз адамдардың қаза болуы үшін өзімізді жауапты санамаймыз, өйткені соғысты біз бастаған жоқпыз, – деп жауап берді Путин және Украинадағы 2014 жылғы «конституцияға қарсы төңкеріс» туралы өз көзқарасын қайтадан айтты.
Ол қайтадан 2022 жылғы ақпанда Кремль «Киев бастаған және Батыс қолдаған соғысты аяқтау үшін қарулы күштерді қолдануға мәжбүр болды» деген өз нұсқасын алға тартты.