Logo
Іздеу
Айдарлар

Зеленский америкалық жоспардың 20 тармағы туралы айтып берді

/
Зеленский америкалық жоспардың 20 тармағы туралы айтып берді
Сурет: ашық дереккөзден

Украина Президенті Владимир Зеленский журналистерге берген брифингте соңғы күндері АҚШ-пен жүргізілген келіссөздер қорытындысы бойынша соғысты тоқтатудың америкалық жоспары қалай көрінетінін егжей-тегжейлі баяндады. Зеленский бұл ұсынысқа Ресейден жауап осы сәрсенбіде келеді деп үміттенеді, деп хабарлайды Arasha.kz.

Көптеген БАҚ Зеленскийдің сөзіне сүйене отырып, жоспардың 20 тармағын жариялады. Назарларыңызға ең маңызды бірнеше тармақты ұсынамыз:

Украина армиясының саны 800 мың адаммен шектеледі.

АҚШ, НАТО және Еуропалық Одақ Украинаға Солтүстік Атлантикалық келісімнің 5-бабына ұқсас қауіпсіздік кепілдіктерін береді.

Ресей Украинаға шабуыл жасамау туралы міндеттемені заң жүзінде бекітуі тиіс.

Украина келісімде көрсетілген мерзімде Еуропалық Одаққа мүше болады.

Украина ядролық қарусыз ел болып қала береді.

Запорожье АЭС-і Украина, Ресей және АҚШ-тың бірлескен басқаруында болады. Зеленский Украинаның бұл шешімді дәл осы күйде қолдамайтынын және Ресейсіз, тек Украина мен АҚШ-тың бірлескен басқаруына келісетінін атап өтті.

Ресей де, Украина да қоғамда және өздерінің білім беру жүйелерінде толеранттылық пен мәдениеттер арасындағы өзара түсіністікті қалыптастыруға міндеттенеді.

Ең күрделі мәселе — аумақтық мәселе. Украина атысты нақты майдан шебінде тоқтатуды талап етеді. Ресей Украина әскерінің Донецк облысынан толық шығарылуын талап етіп отыр. Ымыра ретінде АҚШ Донецк облысында еркін экономикалық аймақ құруды ұсынды, бірақ Зеленскийдің айтуынша, Украина бұны тек референдум арқылы қабылдай алады. Оны ұйымдастыру үшін атыс шынымен тоқтатылған күйде 60 күн қажет. Днепропетровск, Сумы, Харьков және Николаев облыстарының аумақтарынан Ресей барлық әскерін шығаруы тиіс.

Келісімге қол қойылғаннан кейін Украинада сайлау «мүмкіндігінше тез» өткізіледі.

Келісімнің орындалуын Дональд Трамп бастаған Бейбітшілік кеңесі қадағалайды. Оған Еуропа елдері мен НАТО өкілдері де кіреді.

Тараптар осы келісімге келіскен бойда, атысты толық тоқтату режимі дереу күшіне енеді.