Logo
Іздеу
Айдарлар

Путин Украинаға қатысты кейбір «территориялық шегініске» дайын екенін мәлімдеді

/
Путин Украинаға қатысты кейбір «территориялық шегініске» дайын екенін мәлімдеді
Сурет: Кремль

Ресей президенті Владимир Путин Мемлекеттік кеңес отырысында Украинамен бітімге келу үшін Ресей Федерациясының кейбір жер бойынша шегініске баруға дайын екенін мәлімдеді, деп хабарлайды Arasha.kz сайты «Коммерсант» басылымына сілтеме жасап.

Басылымның жазуынша, отырыста Ресей басшысы көбіне АҚШ және Украинамен арадағы бейбітшілік жоспарына қатысты келіссөздер процесі туралы айтқан. Ол Анкоридждегі уағдаластықтар, американдық тараптың жоспары және сол кезде қандай позициялар келісілгені туралы баяндап берген.

«Владимир Путин ресейлік тараптың сол кезде, Анкориджде өзі үшін қабылдаған жеңілдіктеріне әлі де дайын екенін алға тартты. Яғни, әңгіме "Донбасс біздікі" деген ұстаным төңірегінде болып отыр.

"Краматорск-Константиновка-Славянск торабының тиесілігі туралы мәселе талқыланбайды" деп айтылды. Бірақ қалған жағдайда ресейлік тараптан аумақтарды ішінара алмасу мүмкіндігі де жоққа шығарылмайды», — делінген материалда.

Сонымен қатар, басылымның жазуынша, Путин Запорожье АЭС-ін Украина тарапымен емес, американдық тараппен бірлесіп басқару мәселесі талқыланып жатқанын айтқан.