Logo
Іздеу
Айдарлар

АҚШ Венесуэла астанасы Каракасқа әуеден соққы берді

/
АҚШ Венесуэла астанасы Каракасқа әуеден соққы берді
Сурет: ашық дереккөзден

Қалада жарылыс дыбыстары естіліп, мегаполис аспанында әуе шабуылына қарсы қорғаныс жүйесі жұмыс істеді. Reuters агенттігінің хабарлауынша, Дональд Трамп тарапынан арнайы операцияның басталғаны туралы ресми мәлімдеме жасалған жоқ, деп хабарлайды Arasha.kz.

Жергілікті тұрғындардың айтуынша, соққылар Каракастың оңтүстігіндегі Форт-Тиуна ауданы мен Франсиско де Миранда әуе базасына бағытталған. Сондай-ақ елдің солтүстігіндегі Ла-Гуайра әскери-теңіз базасы да шабуылға ұшырады.

Аспанда Американың десанттық тікұшақтары байқалды. Бұған жауап ретінде Венесуэла Әскери-әуе күштері нысаналарды ұстау үшін Су-30МКВ жойғыш ұшақтарын көкке көтерді. Сондай-ақ ауыр Chinook тікұшақтарының жұмысы туралы хабарлануда.

Жергілікті БАҚ-тың жазуынша, астанада атыс дауысы естілуде — алдын ала мәлімет бойынша, Америка десанты түсірілген.

Ақпарат жарияланған сәтте Венесуэла мен АҚШ-тың ресми билігі ешқандай түсініктеме берген жоқ.