АҚШ Қарулы Күштері Венесуэла аумағында «операция» жүргізіп, соның барысында ел президенті Николас Мадуро мен оның жұбайы ұсталып, мемлекет аумағынан шығарылды, деп хабарлайды Arasha.kz.
Бұл туралы АҚШ президенті Дональд Трамп мәлімдеді. Операцияның «ауқымды сипатта» болғаны айтылуда.
"АҚШ Венесуэлаға және оның лидері — президент Николас Мадуроға қарсы ірі көлемді соққыны сәтті жүзеге асырды. Нәтижесінде Мадуро жұбайымен бірге ұсталып, елден әкетілді", - деп жазды Тармп әлеуметтік желіде.

Операция АҚШ-тың құқық қорғау органдарымен бірлесіп жүргізілген. Оқиғаның егжей-тегжейі қосымша хабарланатын болады.