Logo
Іздеу
Айдарлар

«Мадуроның билігі аяқталды» — Трамп журналистер алдында мәлімдеме жасады

/
«Мадуроның билігі аяқталды» — Трамп журналистер алдында мәлімдеме жасады
Сурет: видеодан скрин

АҚШ президенті Дональд Трамп Венесуэла президенті Николас Мадуроны ұстап әкеткен соң журналистер алдында мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Arasha.kz.

Трамптың Венесуэладағы жағдайға қатысты жасаған мәлімдемелерінің негізгі тұстары:

Венесуэладағы операция «Түнгі балға» (Midnight Hammer) деген кодтық атауға ие болды. Ол «өте мінсіз» өтті және Екінші дүниежүзілік соғыстан бері мұндай теңдессіз операция болған емес.

Мадуро мен оның жұбайы таң ата, тас қараңғыда қолға түсті. «Біз бүкіл Каракаста жарықты өшіріп тастадық». Енді олар Америка сотының алдында жауап береді.

АҚШ елге келетін есірткінің 97%-ын тоқтатты. Трамптың айтуынша, бұл қылмыстың артында Венесуэла президенті тұрған. Ол мыңдаған америкалықтың өліміне себеп болған Cartel de los Soles есірткі картелін жеке өзі басқарған.

Мадуроның дәуірі бітті, ол бұдан былай Венесуэла президенті емес. Билік толық берілгенге дейін елді АҚШ басқарады.

Америка әскерилері қажет болған жағдайда екінші соққы беруге дайын, ол бұдан да ауқымды болады. «Біз дайынбыз».

Трамп Американың басты мақсаты — Венесуэла халқын бай, тәуелсіз және қауіпсіз ету екенін атап өтті. Оның айтуынша, бұл шабуыл игі мақсаттарға бағытталған. «Мадуроның басына түскен жағдай кез келген адамның басына келуі мүмкін», — деді ол. Сонымен қатар, венесуэлалық мұнайға салынған эмбарго күшінде қалады. Трамптың сөзінше, АҚШ Венесуэлада мұнай индустриясын құрған, бірақ Мадуро режимі оны ұрлап, Вашингтон миллиардтаған доллар шығынға батқан.

Пресс-конференция алдында Трамп өзінің әлеуметтік желісінде Американың «Иводзима» кемесінде қолға түскен Венесуэла басшысының суретін жариялады. Суретте Мадуроның қолына кісен салынып, көзі таңылған. Ештеңе естімеуі үшін оған арнайы құлаққап кигізілген.