Logo
Іздеу
Айдарлар

АҚШ-тың Венесуэладағы операциясы кезінде кемі 40 адам қаза тапты

/
АҚШ-тың Венесуэладағы операциясы кезінде кемі 40 адам қаза тапты
Сурет: ашық дереккөзден

АҚШ-тың Венесуэладағы әскери операциясы нәтижесінде кем дегенде 40 адам қаза тапты, деп хабарлайды The New York Times (NYT) басылымы Венесуэланың жоғары лауазымды шенеунігіне сілтеме жасап. 

NYT мәліметінше, президент Николас Мадуроны қолға түсіру операциясына Орталық барлау басқармасы (ЦРУ) қатысқан.

Басылымның жазуынша, шабуыл кезінде әуе шабуылына қарсы қорғаныс жүйелерін басу үшін 150 американдық ұшақ пайдаланылған. Бұл тікұшақтардың әскерді үкіметтік нысандарға кедергісіз жеткізуіне мүмкіндік берді.

Оқиғадан бірнеше сағат өткен соң, АҚШ президенті Дональд Трамп билік «қауіпсіз түрде өткенге дейін» елді Америка Құрама Штаттары «басқаратынын» мәлімдеді. Қазіргі уақытта Николас Мадуро мен оның әйелі қамауда отыр және Нью-Йоркте оларға ресми айып тағылуын күтуде.