Logo
Іздеу
Айдарлар

"Ешкімді алаламай...": Тоқаев Кремльде кездескен Назарбаев пен Путин туралы ашық айтты

/
"Ешкімді алаламай...": Тоқаев Кремльде кездескен Назарбаев пен Путин туралы ашық айтты
ашық дереккөзден

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Turkistan газетіне берген сұхбатында экс-президент Нұрсұлтан Назарбаев пен Ресей басшысы Владимир Путин арасындағы кездесуге қатысты пікірін білдірді, деп хабарлайды Arasha.kz.

Президенттің айтуынша, Кремльде өткен кездесулер бейресми сипатта өтеді. Мұны Ресей президентінің өзі де бірнеше рет атап өткен.

"Тұрақты түрде өткізіліп жүрген кез­десулер бейресми сипатқа ие. Мұны Ре­сей президентінің өзі де атап өтеді. Таяу­да өткен Санкт-Петербургтегі бас­қосуда Владимир Путин маған Нұрсұлтан Назарбаевты оның өтініп сұрауы бойын­­ша қабылдайтынын айтқан еді. Ресей президентінің ерекшелігі: ол достарымен және әріптестерімен жылы қарым-қатынас құра біледі. Жұмысы өте қар­балас болса да, сенбі күні Қазақ­стан­ның Тұңғыш президентімен асықпай әңгімелесуге уақытын бөлді. Ол Нұрсұлтан Назарбаевты Еуразиядағы ықпалдастық үдерісінің бастауында тұрған тәжірибелі саясаткер ретінде бағалайды. Ресей бұл үдерісте жетекші рөл атқарып отыр. Кремльдегі кездесу Владимир Путиннің адамгершілігі жо­ғары екенін көрсетеді. Ондай әңгімелер барысында не ай­тылғаны маған қызық емес, бұл туралы еш­қашан сұрақ қоймаймын. Ал, Нұрсұлтан Назарбаевтың жеке ба­сына келер болсақ, мен оны қазіргі қазақ мемлекеттігінің негізін қалаған тұлға деп санайтынымды бірнеше рет айт­тым. Оның мемлекеттік инсти­тут­тар­ды және экономиканың нарықтық тетіктерін құру, жаңа астанамызды салу жолындағы еңбегін бәрі біледі. Өзіңізге мәлім, біз Қазақстанды Әділдік, Заң және Тәртіп орнаған ел еткіміз келеді. Сон­дықтан, ешкімді алаламай, әр аза­маттың еңбегін әділ бағалау керек. Бұл еліміздің Тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаевқа да қатысты", – деді Тоқаев.