Logo
Іздеу
Айдарлар

Венесуэла президенті Николас Мадуроға Түркияға кету ұсынылған

/
Венесуэла президенті Николас Мадуроға Түркияға кету ұсынылған
Сурет: ашық дереккөзден

Америкалық сенатор Линдси Грэм Дональд Трамптың ұшағында журналистерге берген сұхбатында Венесуэла президенті Николас Мадуроның бүгін Түркияда болуы мүмкін екенін, бірақ қазір оның Нью-Йоркте (түрмеде) отырғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Arasha.kz.

Оның айтуынша, Венесуэла президенті бұл ұсынысты қабылдағанда дұрыс болар еді, қазір ол өзінен басқа ешкімді кінәлай алмайды: «Біз оған кетуге мүмкіндік бердік».

Бұған дейін New York Times газеті 23 желтоқсанда АҚШ билігі Мадуроға қызметінен кетіп, Түркияға баруды ұсынғанын, бірақ ол келіспегенін жазған болатын.

«Ол Трамп пен АҚШ әскерилеріне қарсы шығуды жөн көрді, енді міне, оның аяғы түрмемен аяқталды», — деді сенатор Грэм.