Венесуэла жетекшісі Николас Мадуро Нью-Йоркте өткен алғашқы сот отырысында АҚШ-тың әскери операциясы кезінде қолға түскеннен кейін өзінің кінәсіз екенін мәлімдеді, деп хабарлайды Arasha.kz.
Есірткі мен қару сақтады деп айыпталып отырған Мадуро судьяға: «Мен әлі де Венесуэла президентімін» және «айтылғандардың ешқайсысына кінәлі емеспін» деді. Оның әйелі Силия Флорес те өзіне тағылған айыптарды мойындамады. БАҚ-тың мәліметінше, Мадуро мен жұбайын Бруклиндегі уақытша ұстау изоляторынан Нью-Йорк сотына Есірткімен күрес басқармасының (DEA) қарулы агенттері, сондай-ақ автоколонна мен тікұшақ сүйемелдеуімен жеткізген.
Венесуэла жетекшісі Николас Мадуро Нью-Йорк федералды сотындағы алғашқы отырысында Каракаста АҚШ-тың әскери операциясы барысында ұсталғаннан кейін кінәсіздігін айтты. Іс бойынша сыбайлас ретінде өтіп жатқан оның әйелі Силия Флорес те кінәсін жоққа шығарды.
«Мен кінәлі емеспін. Мен адал адаммын. Мен әлі де өз елімнің президентімін», — деді 63 жастағы Мадуро испан тілінде аудармашы арқылы. Оның сөзін судья Элвин Хеллерстайн бөлді деп хабарлайды Reuters.
Агенттік дерегінше, Мадуроға қатысты төрт бап бойынша айып тағылған, оның ішінде есірткі терроризмі, кокаин әкелу мақсатындағы астыртын әрекет және қару мен жарылғыш құрылғыларды сақтау бар. Судья ерлі-зайыптыларға қамауға алынғаны туралы Венесуэла консулдығына хабарлауға құқығы бар екенін айтты. Сотқа Мадуроның американдық адвокаты Барри Поллак та қатысты.
Мадуро ісі бойынша келесі сот отырысы 17 наурызға жоспарланған.