Logo
Іздеу
Айдарлар

Алашты алаңдатқан Атырау: Қаза тапқан марқұмдарды жерлеу рәсімі қашан өтеді? (ФОТО)

/
Алашты алаңдатқан Атырау: Қаза тапқан марқұмдарды жерлеу рәсімі қашан өтеді? (ФОТО)
ашық дереккөзден

Атырау облысындағы Қызылқоға ауданына қарасты шағын ғана Жангелдин ауылында болған қанды трагедия бүкіл елдің қабырғасын қайыстырды. Қоғамда үлкен резонанс тудырған бұл оқиғаға қатысты тергеу жалғасып жатыр, деп хабарлайды Arasha.kz.

Қайғылы жағдай салдарынан қаза тапқан Мақсот Қарабалин мен Нәсіп Өтешқалиеваның жаназасы мен жерлеу рәсіміне қатысты мәлімет әлеуметтік желіде жарияланды. Туыстарының хабарлауынша, марқұмдарға 7 қаңтар 2026 жылы үлкен күзет жасалып, 8 қаңтар күні сағат 10:00-де жаназа намазы оқылған. Жерлеу рәсімі Жангелдин ауылында өткен.

Алдын ала тергеу деректеріне сәйкес, ерлі-зайыптылардың денелері өз үйлерінің ауласындағы шаруашылық құрылыстан табылған. Қазіргі уақытта қылмыстық іс қасақана адам өлтіру бабы бойынша қарастырылып жатыр. Қылмысты бір адамның немесе бірнеше адамның жасағаны әзірге нақты анықталған жоқ.

Сот-медициналық сараптама марқұмдардың нақты неден қаза тапқанын, оқиғаның қашан болғанын және қандай құрал қолданылғанын анықтауы тиіс. Тергеу органдары барлық нұсқаларды тексеріп, жедел-іздестіру жұмыстарын жалғастырып жатыр.