Контентке өту
Қазақстан Тәуелсіздігіне 25 жыл
Жаңалықтар Қоғам Саясат Аймақтар Спорт Мәдениет Әлем Денсаулық Ғылым Тарих Экономика Қаржы
Жаңалықтар

Алматы – Өскемен тасжолында 40 шақты жылқы тиелген жүк көлігі өртенді

Алматы – Өскемен тасжолында 40 шақты жылқы тиелген жүк көлігі өртенді
Видеодан кадр: t.me/POLICE_of_KZ

Жетісу облысында Алматы – Өскемен тасжолында 38 жылқы тиелген жүк көлігі өртенді. Оқиға орнына тап болған полиция қызметкерлері барлық малды аман алып қалды, деп хабарлайды Arasha.kz.

Оқиға 24 қараша күні таңертең Алматы – Өскемен тасжолының 175-шақырымында болған. Патрульдік полиция қызметкерлері жолда келе жатқан Volvo маркалы жүк көлігінің өртене бастағанын байқаған. Тәртіп сақшылары дереу тоқтап, өрт сөндіргіштерді алып, жүргізушіге көмекке ұмтылған.

Өрт шыққан кезде көлік ішінде ондаған жылқы болған. Бұл жағдай құтқару жұмыстарын қиындата түскен. Полицейлер өрт сөндірушілердің келуін күтпей, жануарларды қауіпсіз жерге шығаруға кіріскен. Сонымен қатар жалынды ауыздықтауға әрекет жасаған. Полиция қызметкерлерінің жедел әрекетінің арқасында 38 жылқының барлығы аман құтқарылды.

Белгілі болғандай, жүк көлігінің жүргізушісі жылқыларды Күршімнен Шымкент қаласына тасымалдап бара жатқан. Оқиға салдарынан ешкім зардап шеккен жоқ. Қазіргі уақытта жүк көлігіндегі өрттің шығу себебі анықталып жатыр. Ішкі істер министрлігі полиция қызметкерлерінің жедел әрекеті ауыр зардаптардың алдын алғанын атап өтті.