Контентке өту
Қазақстан Тәуелсіздігіне 25 жыл
Жаңалықтар Қоғам Саясат Аймақтар Спорт Мәдениет Әлем Денсаулық Ғылым Тарих Экономика Қаржы
Жаңалықтар

Үй иелерін жертөлеге қамап, үйді тонаған: Ақмоладағы қылмыстық іс қайта қаралады

Үй иелерін жертөлеге қамап, үйді тонаған: Ақмоладағы қылмыстық іс қайта қаралады
Фото: Нейрожелі арқылы жасалды

Ақмола облысында тұрғын үйге басып кіріп, 4 млн теңгеден астам мүлікті қолды қылған үш адамға қатысты сот шешімінің күші жойылды, деп хабарлайды Arasha.kz.

Бетперде таққан үш ер адам түнде тұрғын үйге басып кіріп, үй иелерін аңшылық мылтықпен қорқытқан. Олар ақша мен бағалы бұйымдарды талап етіп, жалпы құны 4 млн теңгеден асатын мүлікті алып кеткен.

Сондай-ақ қаскөйлер үйдегі өзге адамдарды жертөлеге қамап кеткен.

Алғашқы сот талқылауында үш ер адам тонау бабы бойынша кінәлі деп танылған. Алайда Бас прокуратура сот шешімімен келіспей, қылмыстық әрекетте қарақшылық белгілері бар екенін алға тартқан.

Кассациялық сот прокуратураның наразылығын қанағаттандырып, бұған дейін қабылданған сот актілерінің күшін жойды.

Енді қылмыстық іс қайта қаралады.